Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Дін мәселелерін зерттеу орталығы
28
февраль
2026

Дін мәселелерін зерттеу орталығы

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы тапсырысымен Дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастыруымен Әбу Ханифа медресе колледжінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында лекция өтті.

Аталған іс-шара қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі – радикалды идеологиялардың алдын алу және жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, исламтанушы Рахимгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы қатысып, қатысушыларға мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде діни экстремизмнің пайда болу себептері, оның идеологиялық негіздері мен тарихи қалыптасу кезеңдері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан радикалды көзқарастардың ерекшеліктерін атап өтіп, олардың қоғамға тигізетін кері әсерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Лектор сондай-ақ дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттаудың маңыздылығына ерекше назар аударып, экстремистік ағымдардың діни мәтіндерді бұрмалап түсіндіруіне теологиялық тұрғыдан жауап беру жолдарын көрсетті. Ол студенттерге сыни ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты саралай білу және діни мәселелерде сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігін баса айтты.

Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Бұл өз кезегінде болашақ дін мамандарының кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, олардың профилактикалық және ағартушылық бағыттағы жұмысын жетілдіруге оң ықпал етті.

Аталған кездесу жастардың діни сауаттылығын арттырумен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.


Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив