Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорымен танысты
05
март
2026

Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорымен танысты

Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорымен танысты

 Алматы қаласында Әбу Ханифа медресе колледжінің 2 және 3-курс студенттері ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорымен танысты.
Студенттер қолжазбалар мен сирек кітаптардың тарихымен танысып, олардың маңыздылығы мен құндылығын өз көздерімен көрді. Қордағы еңбектер қатарында Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі», Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген Рабғұзидың «Қисас әл-әнбиясы» және ислам іліміне қатысты басқа да сирек жазбалар бар.
Институт мамандары студенттерге материалдарды сақтау, ғылыми сипаттама жасау және цифрландыру әдістерін көрсетті. Студенттер тарихи жәдігерлерді көріп, алған білімдері мен тәжірибесі арқылы рухани әрі білімдік жігерленіп қайтты.
Бұл шара олардың исламтану мен қолжазбаларға деген қызығушылығын арттыруға, болашақта ғылым мен зерттеуге үлес қосуға ынталандырады.
Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив